Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген • Бір дауыс бүкіл үйді тоқтата алады: апатты тұрғын үйдің жаңа өтемақы тетігі кімді қорғайды? • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген • Бір дауыс бүкіл үйді тоқтата алады: апатты тұрғын үйдің жаңа өтемақы тетігі кімді қорғайды? •

    Трампты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

    Сот шешіміне сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жылдар бойы өз активтерінің құнын асыра бағалаған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Сотта анықталғандай, соның арқасында банктер мен сақтандыру компаниялары Трампқа жақсы шарттар ұсынып отырған.

    Сот Трампты алаяқтық үшін жауапқа тартуға болады деген шешімге келді. Бұл іс қазан айында қаралмақ.

    Нью-Йорктің бас прокуроры Трампқа қатысты тергеуді 2019 жылы бастаған болатын. Ол Трамп жыл сайын өзінің байлығын кем дегенде 2,2 миллиард долларға асыра бағалағанына сенімді.

    Бұған дейін Трамп түрмеге түсу қаупі туралы алаңдамайтынын мәлімдеген.

    Ол сондай-ақ өзін қудалаудың артында қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден тұрғанына сенімді.

    Естеріңізге сала кетейік, қазір Трампқа қарсы тағы үш қылмыстық іс тергелуде — бизнес-есептілікті бұрмалау, құпия құжаттарды заңсыз сақтау және сайлау нәтижелерін бұрмалау әрекеті.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →