Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент • Мемлекет басшысы 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды • Әділетті Қазақстан құру – стратегиялық мақсат • Тоқаев: ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге, медиктерге 40%-ға өседі • Президент фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін енгізуді тапсырды • Төрт алтын, 11 медаль: Алматы спортшылары Азия Пара ойындарында Қазақстанның жүлде қорын толықтырды • Келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды қажет деп санаймын — Президент •

    Жамбыл облысында 900 млн теңге субсидия қаржысы ұрланған

    Жамбыл облысында таңқурайдың элиталық сортын отырғызу үшін субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Нәтижесінде шаруа қожалықтардың жер телімдерінде таңқурай отырғызылмағаны, көшеттер мүлдем сатып алынбағандығы белгілі болды.

    «Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген. Биылғы 7 сәуірде осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу барысында барлық күдіктілер қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге құрайтын мүлкіне тыйым салынды. Ал 12 қыркүйек күні қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, негізінен қарау үшін сотқа жолданды», — делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

    Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда «Еңбек» бағдарламасына бөлінген 370 млн теңге ұрланған еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →