Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды • QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Елімізде жас ғалымдарды қолдау күшейіп, ғылыми әлеует артып келеді • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Тоқаев цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды • QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Елімізде жас ғалымдарды қолдау күшейіп, ғылыми әлеует артып келеді •

    Алматы облысында 5 жастағы қыздың денесі табылды

    Алматы облысында лай көшкіні басып қалған бес жастағы қыз баланың денесі табылды. Жоғалып кеткен қыз баланы лай астынан іздеу кешке дейін жалғасқан. 15 мамыр күні түскі сағат 13:00 шамасында Текелідегі Қонаев көшесінде лай көшкіні жүріп, бес жастағы қыз бала жоғалып кеткен еді. Оны іздеуге екі жүздей адам жұмылдырылған. Текелі қаласындағы лай көшкінінің алдын ала ұзындығы 50 метр , ені 25 метр , биіктігі 3,5 метр, көлемі 4375 текше метр.

    «15 мамыр күні сағат 18.15-те қызметтік иттің көмегімен Текелі қаласында лай көшкіні кезінде қаза тапқан 2016 жылы туған қыз баланың денесі бұзылған үйінді астынан табылды», — делінген ТЖД хабарламасында.

     

    Облыс әкімі Қанат Бозымбаев марқұм болған қыз баланың туған-туысына көңіл айтып, зардап шеккен отбасыларға баспана берілетінін айтты.

    «Текеліде лай көшкіні жүрді. Бірнеше жекеменшік тұрғын үй бүлінді. Өкінішке қарай, 2016 жылы туған қыз бала қайтыс болды. Жедел қызметтер өз жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендерге баспана беріліп, көмек көрсетіледі. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамын», — деді өңір басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →