Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды • Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль алып, үздік ондыққа кірді • Талдықорғанда әйелін ұрып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды • Астанада түнде әскери техника көбейді: Мемлекеттік күзет қызметі себебін атады • Алматыда Қызыл кітаптағы ителгілерді Қатарға әкетпек болғандар сотталды • Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаушыларға жауап берді • Қазақстан гимнастары Азия ойындарында топтық көпсайыста қола жүлде алды •

    Түркістан облысында бір әулеттің 11 адамы суға батып кетті

    Түркістан облысында Сырдария суына түскен 11 адам батып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Оқиға Отырар ауданында болған.

    Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында 11 адам суға түсуге арналмаған жерде суға түсіп, батып кетті.

    «Бүгін Отырар ауданы, Сырдария өзенінің жағасына бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшелері демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Тұрғындардан адамдардың суға батқаны туралы хабарлама кешкі сағат 18-дер шамасында келіп түсті. Шомылуға келген 20 адамның 11-і суға батып кеткен. Оның 5-еуі балалар болса, 6-ы ересектер», делінген хабарламада.

    Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары әзірге судан 8 мәйітті шығарды.

    Қалған 3 адамның мәйітін іздеу жұмыстары жалғасуда.

    Іздестіру шараларына жалпы 144 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →