Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Дос-Мұқасан» ансамблінің барабаншысы Александр Литвинов дүниеден өтті

    Бүгін түнде 75 жасына қараған шағында «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалағандардың бірі Александр Литвинов қайтыс болды.

    Ол 1967 жылдан бері ансабльдің барабаншысы болған.

    Қайғылы хабар «Дос-Мұқасан» тобының Instagram парақшасында жарияланды.

     

    Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Александр Литвинов Михайлович Литвинов өмірден өтті. Ол біздің ансамблінің негізін қалағандардың бірі болды. Барабаншы болып өнер көрсетті.

     

    Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде шыншыл, адал, жанашыр, мейірімді азамат болып қала береді, – делінген жазбада.

     

    «Дос-Мұқасан» ансамблі – 1967 жылы Қазақ политехникалық студенттерінен құрылған өнер тобы. Ансамбльдің аты оның негізін қалаған өнерпаз студенттердің қысқартылған атымен аталған.

    «Дос» – ансамбльдің лидері Досым Сүлееевтің, «Мұ» – Мұрат Құсайыновтың, «Қа» – Хамит Санбаевтың және «Сан» деген Александр (Саня) Литвиновтың атының қысқартылған түрімен аталған болатын.

     

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →