Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жол ережесін бұзған блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды • Зеленский Трамптың Ресеймен мәмілесінен кейін өзін сатылғандай сезінетінін мойындады • Алматыдағы РФММ оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскендер саны артты • Алматылық блогер «Nazarrollan» кафедегі төбелеске қатысты күдікті • Латынамерика биі жүгіруден тиімдірек пе? Сарапшы пікірі • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Алматыда жол ережесін бұзған блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды • Зеленский Трамптың Ресеймен мәмілесінен кейін өзін сатылғандай сезінетінін мойындады • Алматыдағы РФММ оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскендер саны артты • Алматылық блогер «Nazarrollan» кафедегі төбелеске қатысты күдікті • Латынамерика биі жүгіруден тиімдірек пе? Сарапшы пікірі • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды •

    Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

    Қазақстандық танымал боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының порталында боксшыға іздеу жарияланғаны туралы хабарлама пайда болды. Онда 39 жастағы боксшыны Астана қаласы Есіл ауданының полиция бөлімі екі күннен бері іздеп жатқаны хабарланған.

    Бейбіт Шүменовке бұзақылық жасады деген айып тағылды.

    Еске салайық, қазақстандық боксшы елордалық сауда орталықтарының бірінде қолында баласы бар адамды ұрып-соқты деп айыпталған болатын. ІІМ бұзақылық жасаған адамның танымал спортшы Бейбіт Шүменов екенін растады. Кейін боксшы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да жанжалдан кейін баланың қауіпсіздігіне қатер төндірген азаматтың жауапқа тартылуын талап етті.

    Кейін ІІМ боксшыны қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Бұл жанжалға Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі де үн қосты.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →