Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жол ережесін бұзған блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды • Зеленский Трамптың Ресеймен мәмілесінен кейін өзін сатылғандай сезінетінін мойындады • Алматыдағы РФММ оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскендер саны артты • Алматылық блогер «Nazarrollan» кафедегі төбелеске қатысты күдікті • Латынамерика биі жүгіруден тиімдірек пе? Сарапшы пікірі • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды • Алматыда жол ережесін бұзған блогер Назар Ролланға іздеу жарияланды • Зеленский Трамптың Ресеймен мәмілесінен кейін өзін сатылғандай сезінетінін мойындады • Алматыдағы РФММ оқушылары жаппай уланып, ауруханаға түскендер саны артты • Алматылық блогер «Nazarrollan» кафедегі төбелеске қатысты күдікті • Латынамерика биі жүгіруден тиімдірек пе? Сарапшы пікірі • Жамбыл облысында NAVAI лақап атымен танымал шетелдік әнші есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды •

    Теміржол апаттарын фото-видеоға түсіруге салынған тыйым алынып тасталды

    Көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы» басшылығының темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және видеоға түсіруге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жойды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Бұл тапсырма Қазақстан Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді.

    Оған сәйкес, әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

    Мұндай шектеу ең алдымен теміржолдағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатты.

     

    “Сонымен қатар әртүрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, бұл жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді. Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды”, – делінген хабарламада.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →