Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Тоқаев Бельгия королімен Ұлттық музейді аралады • «45 жасқа — 45 раушан»: Жас визажист Роза Әлқожаға ерекше ілтипат танытты • Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгерді ме: ІІМ ресми мәлімдеме жасады • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) •

    Азаматтардың өтінішіне дұрыс жауап бермеген 614 шенеунік жазаға тартылды

    Жарты жылдың ішінде азаматтардың өтінішіне дұрыс жауап бермеген 614 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

    «Мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау сапасы ұдайы бақылауда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның департаменттерінің тексерулері 3 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Әрбір факті бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданып, 614 лауазымды тұлға жауапқа тартылды», — делінген ведомство мәліметінде.

     

    Сондай-ақ, прокурорлар алты айдың ішінде бизнеске жоспарланған 500-ден астам заңсыз тексерудің жолын кескен.

     

    «Тексеру субьектілері мен обьектілерінің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесі арқылы бизнес субъектілері бақылаушы органдар тарапынан негізсіз қысымнан қорғалады. Комитет пен оның аумақтық департаментінің қадағалау шаралары 500-ден астам заңсыз тексерулердің жолын кесті», — деп жазылған Бас прокуратура дерегінде.

     

    Айта кетейік, Қазақстанда кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам негізсіз талап қойылып келген.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →