Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Қазақстан мектептерінде күзгі демалыс кезінде оқушыларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады • 68 баланың өліміне себеп болған сироп: отбасылар 4 жылдан кейін өтемақы алды • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия •

    «Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек» — Тоқаев

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың бауырлас қалалары форумында сөйлеген сөзінде елорданың бой көтеруіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі турады атап өтті, деп хабарлайды Qazaq.today  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

    «Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек», — деді ол.

     

    Тоқаев атағандай, Әділетті Қазақстанда ақты ақ, қараны қара деу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ненің шындық, ненің өтірік екенін ажырата білу керек.

    «Бұл – еліміздің болашағына тікелей қатысы бар мәселе. Елорданың заманауи келбетін қалыптастыруға Кисё Курокава, Норман Фостер, Ренато Аркетти, Манфреди Николетти сияқты әлемге әйгілі сәулетшілер атсалысты. «Бәйтерек» монументі, «Бейбітшілік және келісім» сарайы, «Хан шатыр» кешені және басқа да бірегей нысандар қаланың көркін аша түсті. Бас қаламыз «Астана опера», «Астана балет» сияқты өнер ордалары арқылы бүкіл әлемге мәдени орталық ретінде танылды. Жаңа елорда Тәуелсіз Қазақстанның өркендеуіне тың серпін берді», — деді Мемлекет басшысы.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →