Айым Тұрсынбекқызы 18 жасқа толды: желіде әкесінің жоқтығы талқыланды
Тұрсынбектің қызы Айым 18 жасқа толды. Анасы мен бауырлары түнгі 00:00-де құттықтады. Желіде әкесінің жоқтығы талқыланып, пікірлер екіге бөлінді.
Фото: Әлеуметтік желі
Тұрсынбектің екінші қызы Айым Тұрсынбекқызы 18 жасқа толды. Анасы мен бауырлары бойжеткенді түнгі сағат 00:00-де туған күнімен құттықтауға асықты. Жақындары оның қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алайда желі қолданушыларының назарын тек туған күндегі қуаныш емес, отбасындағы әкенің болмауы да аударған сыңайлы. Жазба астында түрлі пікір қалдырылып, оқырмандардың көзқарасы екіге бөлінді.
Бірі әкесі туралы сөз қозғаудың қажеті жоқ екенін айтып, Айымның қазір анасы мен бауырларының ортасында бақытты екенін жазды. «Әкесі дей бермеңдерші, кеткен адам кетті, зачем айта беріп… Главный қазір балалары қасында, өзін тапты, бақытты», – деп пікір білдірген оқырман.
Ал енді бірі қызының осындай қуанышты сәтінде әкесінің жанында болмағанына назар аударды. «Әкесі қызының осы қуанышына ортақ болмағанына өкіне ме екен?!» – деп жазған желі қолданушысы.
Сонымен қатар көпшілік Айымды туған күнімен құттықтап, бақытты ғұмыр, жарқын болашақ тіледі. «Құтты болсын! Туған күні Айымның, жұлдызы жарқырай бер» деген ақжарма тілектер де аз болмады.
