Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-при финалында күміс жүлде алды
Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Астанадағы Гран-при сериясының финалында 80 келіге дейінгі салмақта ирандық Радин Зейналиге 2:1 есебімен жеңіліп, екінші орын алды.
Сурет: ҰОК
Астанада өтіп жатқан таеквондо Гран-при сериясының финалдық кезеңінде қазақстандық Батырхан Төлеуғали екінші орынға тұрақтады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық бәсекеде ирандық Радин Зейналимен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша ирандық таеквондошы 2:1 есебімен басым түсті.
