Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық боксшы Манилада WBF International титулын жеңіп алды • Даниял Сабит Ташкенттегі бокс турнирінде жеңіліп қалды • Мария Севостьянова Астанадағы Гран-при финалында бірінші айналымда жеңілді • Тоқаев Албания Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады • 23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды • «Барыс» СКА-ны 7:4 есебімен жеңіп, КХЛ плей-офф аймағына қайтты • Қазақстандық боксшы Манилада WBF International титулын жеңіп алды • Даниял Сабит Ташкенттегі бокс турнирінде жеңіліп қалды • Мария Севостьянова Астанадағы Гран-при финалында бірінші айналымда жеңілді • Тоқаев Албания Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады • 23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды • «Барыс» СКА-ны 7:4 есебімен жеңіп, КХЛ плей-офф аймағына қайтты •

    Қазақстандық боксшы Манилада WBF International титулын жеңіп алды

    Қазақстандық боксшы Александр Ковригин Манилада Танзания өкілі Рамадан Масуд Иддті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBF International титулын иеленді.

    Қазақстандық боксшы Манилада WBF International титулын жеңіп алды

    Сурет: sports.kz

    Қазақстандық боксшы Александр Ковригин (10-2, 8 КО) кәсіби рингтегі оныншы жеңісіне қол жеткізді. Ол Манилада (Филиппин) өткен бокс кешінде Танзания өкілі Рамадан Масуд Иддмен (9-3, 2 КО) жұдырықтасты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Кездесу Александрдың пайдасына мерзімінен бұрын аяқталды: төреші үшінші раундта екі нокдауннан кейін жекпе-жекті тоқтатты. Ресми қорытынды — Ковригиннің техникалық нокаутпен жеңісі.

    Осылайша, Александр Ковригин жеңіл салмақ дәрежесінде WBF International чемпионы атанды. Алматыда туған боксшы үшін бұл 2025 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы жекпе-жек болды. Сол кезде ол грузиялық боксшы Давид Нацвилишвилиді (4-8, 1 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →