Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жалғас Жұмағұлов ACBJJ лигасымен келісімшарт жасасты • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жалғас Жұмағұлов ACBJJ лигасымен келісімшарт жасасты •

    Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты

    Қайрат Нұртас Атыраудағы концертінде әкесі Нұртас Айдарбековпен бірге сахнаға шықты. Әкесінің құшағындағы әншінің видеосы желіде тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

    Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты

    Фото: видео скриншот

    Атырауда өткен концертте Қайрат Нұртас әкесімен бірге сахнаға шығып, көрермендердің көңілін толқытты. Әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков ұлына қолдау көрсету үшін Атырауға арнайы барған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге сахнаға шыққан сәтінен видео жариялады. Бейнежазбада әкесінің құшағына енген Қайрат Нұртастың еркелеп тұрғанын көруге болады.

    “Жан баламды қолдап, Атырауға келдім”, – деп жазды әншінің әкесі.

    Бұл жазбаға Гүлзира Айдарбекова да пікір қалдырды. Ол ұлының еңбекқорлығы, қарапайымдылығы, мейірімділігі мен қиындыққа мойымайтын мінезі әкесінен дарығанын атап өтті. Сондай-ақ осы қасиеттерінің арқасында Қайраттың 20 жыл бойы танымалдылығын жоғалтпағанын жеткізді.

    “Екеуің де аман болыңдар, менің бағыма”, – деп жазды әншінің анасы.

    Әке мен баланың сахнадағы жарасымды сәті желі қолданушыларын да сүйсінтті. “Әкенің бәрі сіздей болса, нұр үстіне нұр болар еді!”, “Әкенің орны бөлек қой, қуанып көріп отырмын”, “Міне, мәдениет. Баласы әкесін құшақтап жатыр”, “Керемет, Қайраттың әкесіне еркелегені жарасады. Нұртас мырза керемет жан”, “Әке деген осы ғой. Баласы үшін жанын береді. Нұртас мырза, аман жүріңіз”, – деп жазды олар.

    Айта кетейік, 22 қарашада Атырау қаласындағы Жайық мәдени-спорт кешенінде Қайрат Нұртастың шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған “Сахнада 20 жыл” атты концерті өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →