Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 28 қараша 2026 $ 458,0↓€ 502,6↓₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді • Жамбыл облысы ТЖД актриса Дариға Бадықованы салтанатпен қарсы алғаны үшін сынға қалды • Қазақстандық шахматшылар түркі елдері чемпионатында төрт медаль алды • Қайрат Нұртас Атырауда әкесімен бірге сахнаға шықты • Жұлдыз белгісі бойынша есте сақтау қабілеті: Торпақ пен Арыстан 10/10, Мерген 2/10 • Геннадий Головкин Өзбекстанда өтетін World Boxing әлем кубогының финалына қатысады • Путинцева Санкт-Петербургтегі турнирде жолдастық кездесуде жеңілді •

    Қарағандыда бірнеше сағат ішінде 37 жол апаты болды

    Қарағандыда бірнеше сағат ішінде 37 жол апаты болды
    Фото: Pixabay

    Алғашқы қар Қарағанды көшелеріндегі көлік қозғалысын қиындатты. Таңертең жаңбыр жауып, кейін қарға ұласқан жауын-шашыннан жолдар көктайғаққа айналды. Сағат 11:30-дағы мәлімет бойынша, қалада 37 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    27 қараша күні таңертең Қарағандыда 37 жол-көлік оқиғасы болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тіркелген жол апаттарының ешқайсысында адам зардап шекпеген. Көліктерге тек материалдық залал келген.

    Ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция жол қауіпсіздігін күшейтіп, жүргізушілерді сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Жол жабынының жай-күйін ескеріп, жылдамдықты соған қарай бәсеңдету және көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажеттігі ескертілді.

    Сондай-ақ жүргізушілерге күрт тежеуден және шұғыл маневр жасаудан аулақ болу, көліктер арасындағы бүйірлік аралықты сақтау, қиылыстарға жақындағанда жылдамдықты алдын ала бәсеңдету ұсынылады. Рөлде отырып ұялы телефонға алаңдауға да болмайды.

    Полиция департаменті жазғы шиналарды қысқысына уақытылы ауыстырып, жолға шығар алдында көліктің техникалық жарамдылығын тексерудің маңызын еске салды.

    Тәртіп сақшыларының айтуынша, көктайғақ кезінде көліктің тежеу қашықтығы едәуір ұлғаяды. Мұндай жағдайда қалыпты жылдамдықтың өзі қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдау, қысқы шиналарды пайдалану және қауіпсіз арақашықтықты сақтау апат қаупін азайтады.

    Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды рөлде мұқият болып, ауа райының өзгеруіне байланысты жолдағы жағдайды жіті бақылауға шақырады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →