Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар • Үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел қайтадан ана атанды • Харитонов ажырасу себептерін ашып айтты • Сәкен Майғазиев анасыз өткен қырық күнді еске алды • Президентіміз Яссауидың сопылық мұрасын таныту керегін айтты — Айнұр Әбдірәсілқызы (ВИДЕО) • Қазақмыс шалғайдағы кеніштерде төтенше жағдайға дайындықты күшейтуде • Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар • Үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел қайтадан ана атанды • Харитонов ажырасу себептерін ашып айтты • Сәкен Майғазиев анасыз өткен қырық күнді еске алды • Президентіміз Яссауидың сопылық мұрасын таныту керегін айтты — Айнұр Әбдірәсілқызы (ВИДЕО) • Қазақмыс шалғайдағы кеніштерде төтенше жағдайға дайындықты күшейтуде •

    Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар

    Полиция он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 адамды ұстаған – олардың арасында әйелдер де бар

    Соңғы он күн ішінде Қазақстанның ішкі істер органдары есірткі қылмысына қатысы бар 35 адамды ұстап, айналымнан 200 келі есірткі тәркілеген, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Ұсталғандарға қатысты ақпарат айта келе полиция бірқатар күдіктінің жасы мен тұрғылықты жеріне қатысты ақпарат берген.

    Мәселен, қолға түскен азаматтардың біреуі егде жастағы азамат болып шыққан. Алматыда тұратын азаматтың көлігі мен пәтерінен 220 грамм қауіпті зат табылған.

    Шымкентте қолға түскен күдіктінің жасы небары 21 жаста болған. Полиция тінту кезінен жігіттен жарты келіге жуық қауіпті зат тапқан.

    «Полиция сондай-ақ Алматыдан Павлодарға келіп, есірткі сатпақ болған 32 жастағы әйелді ұстаған. Ол әлеуметтік желі арқылы курьер ретінде жұмыс тапқан көрінеді. Оны жеке тінту кезінде бір жарым килограмға жуық a-PVP және шамамен 30 грамм мефедрон тәркіленді», — деп хабарлайды полиция.

    Жалпы осы он күн ішінде есірткі қылмысына қатысты 35 фигурант ұсталған. Оның ішінде, 19 адам есірткі өткізу фактілері бойынша, 3 адам есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін; 8 адам контрабанда үшін, 3 адам улы заттардың заңсыз айналымы үшін, 1 адам есірткі өсіргені үшін және 1 адам есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін ұсталды», — деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →