Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық дзюдошы Асқар Биржанов Өзбекстанда өтіп жатқан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.
Сурет: inbusiness.kz
Өзбекстанда өтіп жатқан юниорлар арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық дзюдошы Асқар Биржанов қола жүлдеге қол жеткізді. Ол 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Үшінші орын үшін белдесуде Биржанов испан спортшысы Никита Юдановтан басым түсті. Бұл жеңіс ұлттық құрамаға юниорлар арасындағы әлемдік біріншілікте медаль әкелді.
