Тоқаев Оман Сұлтанын Ұлттық күнмен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Ұлттық күнмен құттықтап, екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға сенім білдірді.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Сұлтандықтың Ұлттық күнімен құттықтады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы Оман Сұлтанының жуырда Қазақстанға жасаған тарихи сапарын ықыласпен еске алып, оның нәтижелері екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің жауапты саяси қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.
