Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Мемлекеттік наградалар заң бұзуға ақтау бола алмайды • Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады • Қор нарығында доллар бағамы өзгерді • Тоқаев: Шынайы отаншылдық кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрамен өлшенеді • «Хабар» телеарнасы Төреғали Төреәлінің қарындасына қатысты мәлімдеме жасады • Тоқаев: Жасанды интеллект ауыл шаруашылығының өнімділігін еселеуге көмектесуі керек • Тоқаев: Мемлекеттік наградалар заң бұзуға ақтау бола алмайды • Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады • Қор нарығында доллар бағамы өзгерді • Тоқаев: Шынайы отаншылдық кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрамен өлшенеді • «Хабар» телеарнасы Төреғали Төреәлінің қарындасына қатысты мәлімдеме жасады • Тоқаев: Жасанды интеллект ауыл шаруашылығының өнімділігін еселеуге көмектесуі керек •

    Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

    Мемлекет басшысының Жарлығымен ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар азамат «Парасат», «Достық», «Құрмет», «Еңбек Даңқы» ордендерімен және медальмен марапатталды.

    Тоқаев ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азамат марапатталды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Парасат» орденімен — «Жеңіс» шаруа қожалығының басшысы, Батыс Қазақстан облысының өкілі Бейбіт Батниязұлы Асанов және ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысынан Бақыт Нұртазаев марапатталды.

    II дәрежелі «Достық» ордені Ресей Федерациясынан «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті Александр Сергеевич Рудаковқа берілді.

    «Құрмет» орденімен Атырау облысынан «Достан Ата» шаруа қожалығының басшысы Сейітжан Қапанұлы Балжігітов, Ақтөбе облысынан «Айс-плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қуаныш Аманғалиұлы Ищанов, Қостанай облысынан «Бижан» шаруа қожалығының басшысы Қайырбай Қонқаұлы Мақатов және Алматы облысынан «Агро Балтабай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің малшысы Ислам Махмудович Хуршудов марапатталды.

    III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Алматы облысынан «Қапшағай МТС Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің малшысы Рүстем Қажықанұлы Ахметжанов, Ұлытау облысынан жылқышы Мәкіш Керімбайұлы Әменов, Ақмола облысынан «Жер өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тракторшы-механизаторы Виктор Александрович Клишин және Павлодар облысынан «Меңдеш» шаруа қожалығының механизаторы Қуандық Сейіткенұлы Темірбаев марапатталды.

    «Ерен еңбегі үшін» медалімен Абай облысынан «Дәурен» шаруа қожалығының зоотехнигі Дәурен Шыңғысұлы Әбдірайымов, Түркістан облысынан «Өтепберген» шаруа қожалығының түйе өсірушісі Өтепберген Әкімұлы Әбсәттар, Ақмола облысынан «Burabay Milk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұзау күтішусі Әлия Айбасқызы Қапарова және Маңғыстау облысынан «Шалқар» шаруа қожалығының аға бақташысы Бауыржан Қабиұлы Сейдахметов марапатталды.

    «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы Жамбыл облысынан «Меркі ірімшік зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дастан Айтөленовке, Солтүстік Қазақстан облысынан «Астық-STEM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сергей Адамович Звольскийге, Қарағанды облысынан «Қайнар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сейітжапар Алшынбекұлы Нығметовке және Жетісу облысынан «Егемендік» шаруа қожалығының басшысы Жұмаш Жұмабекұлы Тезекбаевқа берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →