Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды • «Ішін ұстай берді»: Дариға Бадықованың қазіргі күйі талқыға түсті • Nature Energy Solutions облигацияларының айналыс мерзімі бір жылға ұзартылды • Қазақстанның әскери әуе күштері жаңа ұшақпен толықты (ВИДЕО) • Элизабет Холмс туралы «Увидеть все» деректі фильмі Қазақстанда прокатқа шықты • WTA Елена Рыбакинаны маусым қорытындысы бойынша жүлдеге ұсынды • Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды • «Ішін ұстай берді»: Дариға Бадықованың қазіргі күйі талқыға түсті • Nature Energy Solutions облигацияларының айналыс мерзімі бір жылға ұзартылды • Қазақстанның әскери әуе күштері жаңа ұшақпен толықты (ВИДЕО) • Элизабет Холмс туралы «Увидеть все» деректі фильмі Қазақстанда прокатқа шықты • WTA Елена Рыбакинаны маусым қорытындысы бойынша жүлдеге ұсынды •

    Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды

    Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, ол ота кезінде жүрегі тоқтап қалған. Ол сирек кездесетін гипофизарлық нанизм ауруына шалдыққан.

    Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында қайтыс болды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Қырғызстандық стендап-комик Элдос Алмазов 29 жасында өмірден өтті. Туыстарының айтуынша, ол ота кезінде жүрегі тоқтап қалған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Стендапер сирек кездесетін гипофизарлық нанизм ауруына шалдыққан болатын. Оның бойы шамамен 130 сантиметр еді. Ол сыртқы ерекшелігін әзілдеріне жиі арқау етіп, өмірдегі қиындықтарды өзін-өзі әжуалау арқылы жеткізетін.

    Биыл сәуірде Элдос Алмазовқа сүйек қатерлі ісігінің агрессивті түрі саналатын остеосаркома диагнозы қойылды. Осыдан кейін ол химиотерапия курсынан өтіп, емделуге қаражат жинаған. Қыркүйекте сол аяғындағы ісікті алып тастау үшін ота жасалды.

    Элдос Алмазов Қырғызстанның Ош облысында дүниеге келген. 2018 жылы Мәскеуге көшіп барған. Ол 2021 жылы TNT телеарнасындағы «Открытый микрофон» жобасына қатысқаннан кейін танымал болды. Жоба барысында Алексей Щербаковтың командасына қосылып, жартылай финалға дейін жеткен.

    Кейін комик Азамат Мұсағалиевтің «Большое шоу» жобасына қатысып, жеке стендап монологтарын шығарған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →