Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанның әскери әуе күштері жаңа ұшақпен толықты (ВИДЕО) • Элизабет Холмс туралы «Увидеть все» деректі фильмі Қазақстанда прокатқа шықты • WTA Елена Рыбакинаны маусым қорытындысы бойынша жүлдеге ұсынды • Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды • АИТВ: тест рекордқа жетті, жаңа жағдай азайды, бірақ әр үшінші диагноз әлі де кеш қойылады • «Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО) • Қазақстанның әскери әуе күштері жаңа ұшақпен толықты (ВИДЕО) • Элизабет Холмс туралы «Увидеть все» деректі фильмі Қазақстанда прокатқа шықты • WTA Елена Рыбакинаны маусым қорытындысы бойынша жүлдеге ұсынды • Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларына дауыс беру басталды • АИТВ: тест рекордқа жетті, жаңа жағдай азайды, бірақ әр үшінші диагноз әлі де кеш қойылады • «Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО) •

    Қазақстанның әскери әуе күштері жаңа ұшақпен толықты (ВИДЕО)

    Қазақстанның әскери әуе күштері жаңа ұшақпен толықты (ВИДЕО)

    Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

    Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-көлік авиациясы жаңа әуе кемесімен толықты. Алматыға еліміздің әскери қажеттіліктеріне арналған Y-9E әскери-көліктік ұшағы жеткізілді, деп хабарлайды  Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жаңа ұшақ әскери қызметшілерді, түрлі жүктер мен қажетті жабдықтарды тасымалдауға арналған. Ол Қарулы күштердің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, әскери бөлімдерді қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Қарулы күштердің баспасөз қызметінің мәліметінше, техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктері жағынан Y-9E ұшағы қолданыстағы C-295 және A400M әскери-көлік ұшақтарының арасындағы орынды алады.

    Әуе кемесінің паркке қосылуы әскери авиацияның тасымалдау әлеуетін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, жаңа ұшақ алыс қашықтыққа жүк жеткізуді тиімді жоспарлауға және әскери тасымалдарды ұйымдастыру мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

    Осылайша, Y-9E ұшағының жеткізілуі Қазақстанның әскери-көлік авиациясын жаңғырту және Қарулы күштердің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →