Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады • Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды • Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстанның өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 35%-ға өсті • Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады • Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды • Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстанның өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 35%-ға өсті •

    Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады

    Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі дипломды бір жапырақ қағазға теңеп, желіде сынға ұшырады. Оқырмандар оның пікірін құнсыздандыру деп бағалады.

    Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады

    Сурет: sn.kz

    Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында дипломның құндылығы туралы пікірін жариялады. Ол дипломды бір жапырақ қағазға теңеп, оның ештеңе шешпейтінін жазды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Менің жасым 23 те! Аллаға шүкір 3 балам бар. Оқуды емес отбасы болуды таңдадым сол сәтте! Оқу, білім алу ешқашан да кеш емес және одан қашпаймын. Бірақ сендер ойлаған 1 қағаз диплом ештеңені шешпейді. Потенциалың жоқ болса 10 дипломың болса да көмектеспейді! Дипломым жоқ – бизнесім бар. Дипломым жоқ – табысым бар. Көзім ашық – көкірерім ояу шүкір! Күнделікті даму үстіндемін», – деп жазды ол.

    Динаның бұл сөздері желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады. Оқырмандар оның дипломды құнсыздандырып тұрғанын айтып, 4 жыл оқып алған еңбектің, дәрігерлердің 10 жыл оқыған еңбегінің қадірін сұрады. «Диплом алып оқымаса, мұғалімдерсіз, дәрігерлерсіз қалатыны басына кірмейді ме сонда?», «Оқыған мен оқымаған адамның арасы жер мен көктей», «Университет қабырғасында адамның ой-санасы басқаша қалыптасады бәрібір», «3 бала туғанымен мақтанып отыр ма?», «Бәріне жақсы болды ғой бір жапырақ қағаз деп», «Қызылорданың қыздарына не болған» деген пікірлер жазылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →