Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды • Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстанның өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 35%-ға өсті • BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 бағыттың қатарына қосты • Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды • Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды • Әлеуметтік желінің әсері: Алматыда қызды ұрған жас жігіт қамауға алынды (ВИДЕО) • Біл ордасындағы былық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тағы бір студенті өзіне қол жұмсамақ болды • Қазақстанның өңделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 35%-ға өсті • BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 бағыттың қатарына қосты •

    Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды

    Инфрақұрылды жаңарту: «Қазақмыс» Балқаш мыс балқыту зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды ауыстырды

    Фото: Қазақмыс

    «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытында өндірістік ғимараттардың шатырын жаңарту жұмысы жалғасуда. 2026 жылдың басынан бері 21 633 шаршы метр шатыр жабыны жөнделді. Бұл жоспарланған 27 310 шаршы метр көлемнің 79,2%-ы, деп жазады Qazaqtoday.info.

    Жұмыс өндірістік инфрақұрылымды жаңарту бағдарламасы аясында жүргізілуде. Ол ғимараттардың сенімділігін арттыруға, пайдалану мерзімін ұзартуға және жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жұмыстың негізгі бөлігі мыс электролизі цехының нысандарында жүргізілуде. Жөндеу жұмысына 1,14 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бүгінге дейін жоспарланған 12 103,4 шаршы метр шатыр жабынының 9 551,4 шаршы метрі жаңартылды.

    Цехтың бас корпусындағы алтыншы аралықтың 2 421 шаршы метр жұмсақ шатыры жөнделді. Сонымен қатар металл құрастырмалар боялып, ауданы 752 шаршы метр жарық түсетін фонарьдың әйнегі ауыстырылды. Бак аралығында 3 624,4 шаршы метр шатыр жөнделіп, жаңа терезе блоктары орнатылды.

    Жұмыстың тағы бір бағыты – негізгі корпустың шатырындағы нөсер су кәріз жүйесін ауыстыра отырып, күрделі жөндеу жүргізу болды. Қайта жаңғырту барысында темірбетон плиталар заманауи сэндвич-панельдерге ауыстырылуда. Бұл ғимараттың көтергіш конструкцияларына түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

    2026 жылға жоспарланған 3 018 шаршы метр шатыр жабынының 2 754 шаршы метрі монтаждалды. 2027 жылы тағы 3 040 шаршы метр шатыр жабынын жаңарту жоспарлануда.

    Күн сайын нысандардағы жұмысқа 50-60-қа жуық маман жұмылдырылады.

    Балқаш мыс балқыту зауытының шатырын жаңарту – Қазақмыстың өндірістік инфрақұрылымды күтіп ұстау және жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі. Бағдарламаны іске асыру өндірістік нысандардың сенімділігін арттыруға және кәсіпорынның тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне жағдай жасауға бағытталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →