Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде дебют жасайды
Ига Швёнтек Брисбендегі WTA 500 турнирінде алғаш рет өнер көрсетеді. Турнирге Елена Рыбакина да қатысады, жүлде қоры 1 206 446 доллар.
Сурет: sports.kz
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, поляк теннисшісі Ига Швёнтек Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатысады. Бұл туралы Brisbane International турнирінің баспасөз қызметі бүгін ресми түрде хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Рейтингте тоғызыншы орында тұрған Швёнтек үшін бұл брисбендік «бес жүздікте» алғашқы өнер көрсетуі болады.
Айта кетейік, Brisbane International турниріне қатысатыны бірінші болып расталған спортшы — Қазақстанның өкілі Елена Рыбакина. Ол 2024 жылы осы турнирде чемпион атанған болатын.
Брисбендегі дода 2027 жылдың 3-10 қаңтары аралығында өтеді. Жалпы жүлде қоры 1 206 446 АҚШ долларын құрайды. 2025 және 2026 жылдары әйелдер арасындағы жекелей сында беларусь теннисшісі Арина Соболенко жеңімпаз атанған.
