Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 20 қараша 2026 $ 446,5↑€ 489,7↑₽ 5,42↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО) • Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды • «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды • Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады • «Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО) • Бас мүфти қазақ тойларындағы ысырап пен әдепсіз ойындарды сынға алды • «Ордабасының» жаңа бас бапкері тағайындалды • «Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған • Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды • Дина Төреәлі дипломды құнсыздандырды деп сынға ұшырады •

    Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Шымкенттегі Ташкент тасжолында бензовоз қатысқан адам өліміне әкелген жол апаты болды. Салдарынан жүк көлігі аударылып, түгелдей өртенген. 25 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрт тұрғын үйлердің дәл жанында болған. Олардың сөзінше, бұл маңда мұндай жағдайлар жиі қайталанады, деп хабарлайды «7 арнаға» сілтеме жасаған Qazaqtoday.info.

    Жол апаты 18 қарашада сағат 16:00 шамасында Тұран ауданындағы Шымкент – Ташкент – Термез автожолында болған.

    Оқиға куәгері Жұмабек Жолдастың айтуынша, ол үйінде отырған кезде қатты гүрсіл естіген. Сыртқа шыққанда бензовоздың өртеніп жатқанын көрген.

    «Үйде отырғанбыз, кенет қатты гүрсіл естілді. Терезеден сыртқа қарасам, бензовоз өртеніп жатыр екен. Бірден 101 нөміріне хабарласып, өрт туралы айттым. Содан кейін балалар мен отбасының басқа мүшелерін қауіпсіз жерге шығардық. Өрт тұрғын үйлердің дәл жанында болды. Бұл жерде мұндай оқиғалар жиі қайталанады. Өткен жазда осы жерге бейнебақылау камерасын орнату туралы өтінішпен полицияға жүгінген едім. Олардың уақыты болмады ма, әлде өтінішіме мән бермеді ме, білмеймін. Міне, енді осындай жағдай болды», – деді ол.

    Ал Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ауыр жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі орға түсіп, аударылған. Артынша санаулы секунд ішінде бензовоз отқа оранған.

    Өрт туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 15:58-де түскен. Оқиға орнына жоғары шақырту санатымен өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Құтқарушылар өртенген көлік пен төгілген жанармайды қоса алғанда, 60 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді.

    Өрт толық сөндірілгеннен кейін құтқарушылар көлік кабинасынан 25 жастағы жүргізушінің мәйітін тапты. Осы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

    Қазір полиция қызметкерлері жол апатының себептері мен мән-жайын тексеруде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →