Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 19 қараша 2026 $ 444,1↓€ 487,6↓₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе берді • Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жариялады • Василий Тахтай Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті болды • Алматы облысында көпқабатты үйлердің маңы қоқысқа толған: әкімдік мәселені неге шешпей отыр? • ҰҚК 510 млн теңгенің контрабандалық тауарын тәркіледі • Тоқаев Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе берді • Қарағанды облысында балық аулауға шыққан үш адам қаза тапты • Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жариялады • Василий Тахтай Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті болды • Алматы облысында көпқабатты үйлердің маңы қоқысқа толған: әкімдік мәселені неге шешпей отыр? • ҰҚК 510 млн теңгенің контрабандалық тауарын тәркіледі •

    Тоқаев Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе берді

    Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе берілгенін жариялады. Бұл шешімді Президент III Стратегиялық серіктестер форумында мәлімдеді.

    Тоқаев Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы университетке ұлттық мәртебе берді

    Сурет: madeniportal.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Президент III Стратегиялық серіктестер форумында айтты.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президенттің айтуынша, Астана мен Алматы еліміздің жетекші ғылыми және білім орталықтарына айналған. Ендігі мақсат – Шымкентті оңтүстік өңірдегі ірі ғылым және білім орталығы ретінде дамыту.

    Қазір қалада Аризона штаты университетінің (Arizona State University) білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, Түркияның Гази университетінің филиалы ашылған.

    «Мен халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым», – деді Мемлекет басшысы.

    Тоқаев Әуезов университетінің өңірдегі ең ірі жоғары оқу орны екенін атап өтті. Шымкенттегі әрбір бесінші студент осы білім ордасында оқиды.

    Президент ұлттық мәртебе университет пен Ғылым және жоғары білім министрлігіне үлкен жауапкершілік жүктейтінін ескертті.

    «Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті сапалы білімнің, терең ғылымның ошағы, аймақтың зияткерлік орталығы болуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →