Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Айманның жазбасына астарлы жауап берді
Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Instagram-да астарлы жазба жариялап, әлеуметтік желі қолданушылары оны қолдады. Айманның неке туралы мәлімдемесіне жауап.
Сурет: sn.kz
Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман әлеуметтік желіде бірқатар мәлімдеме жасап, екеуінің арасындағы неке туралы айтты. Оның сөзінше, олар Тұрсынбекпен тек бір рет мұсылманша некеге тұрған. Сондай-ақ бұл неке екеуі үшін де алғашқысы болғанын жеткізген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Айманның жазбасынан кейін Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Instagram парақшасында астарлы жазба жариялады.
«Текті жерден қыз алсаң, тойған сайын құлпырады. Тексіз жерден қыз алсаң, тойған сайын құтырады», – деп жазды ол.
Әдемінің жазбасына әлеуметтік желі қолданушылары да пікір білдіріп, оның сөзін қолдағандарын жеткізді.
«Кімнің қандай тәрбие алғаны көрініп тұр. Осыдан кейін Айман тоқтайтын шығар. Әдемі нүктесін қойды», – деп жазды олар.
