Жахан Отарғалиев 17 жылдан кейін әке болғанын хабарлады
Әзілкеш және блогер Жахан Отарғалиев 17 жылдан кейін сәбилі болғанын айтып, жан тебірентерлік видео жариялады. Ол қуанышын бөлісіп, Алладан үмітін үзбейтінін жеткізді.
Сурет: sn.kz
Әзілкеш әрі блогер Жахан Отарғалиев өзінің жеке парақшасында сүйінші жаңалығын жариялап, жан тебірентерлік видео бөлісті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ол сәбилі болатынына қатты қуанғанын жеткізді. «Осындай жаңалық. 17 жыл күттім ғой мен. 2 ай өзімді шын бақытты сезіндім. Бірақ ұзаққа созылмады. Алладан үмітімізді үзбейміз», — деді ол.
