«Әкім келіп кеткен, мәселе шешілмеген»: Қаскелең тұрғындары суық үйде бүрсең қағып отыр
Қаскелең тұрғындары электр кернеуі 81 вольтке дейін төмендеп, үйлерін жылыта алмай отыр. Жаңа әкім жағдайды көргенімен, мәселе шешілмеген.
Видеодан кадр
Алматы облысы Қаскелең қаласының Башир ауданындағы Хан-Тәңірі көшесінің тұрғындары электр қуатының төмендігінен үйлерін жылыта алмай отырғанын айтып шағымданды. Олардың сөзінше, желідегі кернеу 220 вольттың орнына 81 вольтқа дейін төмендеп кеткен. Соның салдарынан электрмен жұмыс істейтін жылыту құрылғылары дұрыс істемей, тұрғындар күн суытқанда өз үйлерінде тоңып отыруға мәжбүр. Жергілікті халықтың айтуынша, Қаскелеңнің жаңа әкімі жағдайды өз көзімен көріп кеткенімен, мәселе әлі шешілмеген. Тұрғындар әкімдіктің әрекетіне наразы болып, жауапты мекемелерден электр қуатын қалыпқа келтіруді талап етіп отыр. Ал қала билігі тұрғындарды қашанға дейін күттірмек және электр желісіндегі мәселе нақты қашан шешіледі?
Видео: @kaskelen.today
