Тоқаев Латвия Президентін елдің жариялану күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичсті елдің жариялану күнімен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың кеңеюіне сенім білдірді.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Республикасының жариялану күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық әрі қарай кеңейе түсетініне сенім білдірді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Сонымен қатар Президент Эдгарс Ринкевичке жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі.
