Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Таиландтағы танымал курортта өрт шығып, 11 адам қаза тапты

    Таиландтағы танымал курортта өрт шығып, 11 адам қаза тапты

    Фото: CNA

    Таиландтың Пхукет курорттық аралындағы төрт қабатты ғимаратта болған өрттен 11 адам қаза тауып, тағы 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы CNA агенттігіне сілтеп. 

    Таңертең мотоцикл жалдау орны орналасқан коммерциялық ғимараттан өрт шығып, жалын өзге бөлмелерге тараған. Өртті ауыздықтауға мамандар екі сағаттай уақыт жұмсады.

    Өрт сөндірілгеннен кейін ғимараттан қаза тапқан 11 адамның денесі табылды. Олардың арасында Таиланд пен Мьянма азаматтары бар. Ал өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Сондай-ақ түтінге уланып, сынған әйнек сынықтарынан жарақат алған тағы 16 адам ауруханаға жатқызылды. Reuters агенттігінің полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, қаза тапқандар мен жараланғандар арасында туристер жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →