Блогер Әділет Айтжановтың анасы өмірден өтті
Танымал блогер Әділет Айтжановтың анасы өмірден өтті. Блогер Instagram парақшасында қаралы хабарды жариялап, анасына арнап жүрекжарды жазба қалдырды.
Фото: Instagram.com/upu4uk_show/
Танымал қазақстандық блогер Әділет Айтжановтың анасы бақилық болды. Блогер қаралы хабарды өзінің Instagram парақшасында жариялап, анасына арнап жүрекжарды жазба қалдырды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Ол жақын адамынан айырылғандағы қайғысын жеткізіп, анасына деген сағынышын білдірді. «Көп сөз жазғым-ақ келеді. Анашым, сен үшін тауды да қопаруға дайын едім ғой. Енді кімге еркелеймін? Алла жәннат нәсіп етсінші», – деп жазды блогер.
Сонымен қатар Әділет Айтжанов анасына алғысын айтып, ауыр қайғыға қарамастан мойымайтынын жеткізді. «Анашым, жаныңыз жәннатта болсын. Енді кімге еркелеймін? Кешірші, ештеңе жасай алмадым. Анашым, рақмет. Батыр ұлың сынбайды», – деп жазды ол.

Блогердің жазбасына желі қолданушылары көңіл айтып, қайғысына ортақтасып жатыр. Олар марқұмның иманы саламат, жатқан жері жайлы болуын тіледі.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық дизайнер, Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы Аида Қауменованың әкесі Мұрат Қауменов бақилық болғаны хабарланған еді.
