Саят Медеуовтің тойдағы фотосы желіде талқыға түсті
Әнші Саят Медеуовтің тойда түскен фотосы әлеуметтік желіде тарап, қолданушылар түрлі пікір қалдырды. Гүлжазира есімді желі қолданушысы суретті жариялаған.
Сурет: sn.kz
Әнші Саят Медеуовтің тойда түскен суреті әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды. Фотоны Гүлжазира есімді желі қолданушысы жариялап, астына өз пікірін қалдырған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Кішкентай күнімде Саят ағаның осы әнін айтып, және көп өлеңдерін тыңдап өстік. Сториске белгілеп қойыпты. Біз үшін үлкен мәртебе! Аман жүріңіз! Естелік болып тұрсын», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. «Аман жүрсін», «Қайртайып кетіпті», «Неге жүдеп кеткен», «Көптен көрінбей кетіп еді», — деп жазды оқырмандар.
