«Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті
Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары мал ұрлығының жиілеуіне шағымданып, ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті. Олар Ішкі істер министрлігінен істі назарға алуды сұрайды.
Дереккөз: @bes_arys_media
Видеодан кадр
Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары мал ұрлығының жиілеп кеткеніне шағымданып отыр. Олардың айтуынша, ұрылар қорадағы малды айдап әкетіп, ауыл халқын шығынға батыруда. Жәбірленушілер күдіктілердің құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін туыстары бар екенін айтып, осы жағдай олардың жазадан жалтаруына ықпал етуі мүмкін деп күдіктенеді. Алайда бұл мәлімет ресми түрде расталған жоқ. Малынан айырылған тұрғындар Ішкі істер министрлігінен істі назарға алып, кінәлілерді анықтауды және заң аясында жауапқа тартуды сұрайды. Жұрт мал ұрлығының қашан тоқтайтынын және ауылдағы қауіпсіздікке кім жауап беретінін білгісі келеді.
