Ақтөбеде дәмханада болған жарылыстан екі адам зардап шекті
Фото: ТЖД
Олар Жедел жәрдеммен қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. 19 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Ал 36 жастағы әйел адам жарақат бөліміне жатқызылды.
Дәрігерлер: «Жарақат алғандардың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ», — дейді.
Бүгін «Алтын Орда» шағын ауданындағы дәмханалардың бірінде жарылыс болған еді. Салдарынан көпқабатты үйге жапсарлас салынған ғимарат опырылып түскен. Кейін өрт шыққан. Қазір оқыс оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодектің 292-бабының 2-бөлігімен іс қозғалды.
Данарбек Иманғазин, қалалық ТЖБ бастығы
— Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалады. Нақты себебі содан кейін белгілі болады. Бұл жерде газ баллоны жоқ. Табиғи газды тұтынған. Шамасы, газ жиналып қалған болуы мүмкін.
