Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізеді
2026 жылғы 13 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласына арналған жедел отырысы өтеді. Отырыста «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мемлекеттің ұстанымы жарияланады.
Фото: пресс-служба Акорды
2026 жылғы 13 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған жедел отырысы өтеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Отырыс барысында Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің түбегейлі ұстанымын білдіреді.
Мемлекет басшысы сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын сақтауға, ұлттық компаниялар басшыларының жеке жауапкершілігіне, елдің стратегиялық маңызды кәсіпорындары қызметінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басшысы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғаны белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оларды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктенетінін хабарлады. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
