Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Роза Бағланованың келіні туралы Әлия Құдайбергенова жан сырын ақтарды • Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді? • Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты • Қаржылық мониторинг агенттігі Лория Григорий Отаровичке мемлекетаралық іздеу жариялады • Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты • «Ортада кемcітушілік пен аяушылық көп»: мүмкіндігі шектеулі жандардың жан сыры • Роза Бағланованың келіні туралы Әлия Құдайбергенова жан сырын ақтарды • Қарқаралыда үш шақырым жолдың жөндеуіне үш жыл кетті: асфальттың екінші қабаты қашан төселеді? • Қазақстандық велошабандоз Олимпиадада алтыннан алқа тақты •

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары жылы орнын суытты

    Фото: Атырау қаласы әкімдігі

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде 1,5 жылдан аса уақыт жұмыс істеген, кейін ҰҚК тергеген қылмыстық істе аты аталған Мейіржан Мұқасов қызметінен кетті. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі лауазымды тұлғаның өз өтініші негізінде жұмыстан босатылғанын растады, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қалалық әкімдік Мейіржан Мұқасовтың орнына жаңа орынбасар тағайындалғанын хабарлады.

    Енді ішкі саясат, қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бұрын облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасын басқарған Айдулат Кенжебеков жетекшілік етеді.

     Айдулат Кенжебеков
    Фото: Атырау қаласының әкімдігі

    Айдулат Кенжебеков 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 2008 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2008 жылы Атырау облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында жоспарлау-шарт бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып бастаған. Кейін осы басқармада бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2019–2022 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болды. Ал 2022 жылдың желтоқсанынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →