Аида Қауменованың отбасында қайғылы жағдай болды
Белгілі қазақстандық дизайнер Аида Қауменованың әкесі Мұрат Қауменов өмірден өтті. Қаралы хабарды дизайнер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Аида Қауменованың айтуынша, әкесі 10 қарашада қайтыс болған.
Дизайнер марқұм әкесін әрдайым қолдап, қамқорлығын аямаған асыл жан ретінде еске алды.
«Әкем Мұрат Қауменов өмірден өтті. Әрдайым маған сенім артып: “Қызым, өзім әкесіз өстім, сол себепті әрқашан жандарыңда боламын, сіздерге әрдайым қамқорлық жасаймын” деп отыратын асыл адам еді», – деп жазды ол.
