Әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеді
АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстың бәсеңдеуі мүмкін екені туралы мәлімдемелер аясында әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай арзандады. Инвесторлар дипломатиялық жолмен келісімге келуге және Таяу Шығыстан шикізат жеткізудегі үзіліс қаупінің азаюына үміт артып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 6,94 пайызға арзандап, барреліне 91,49 долларды құрады.
Ал америкалық WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстері 5,67 пайызға төмендеп, барреліне 85,68 долларға дейін түсті.
Мұнай бағасының төмендеуіне әсер еткен факторлардың бірі – АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты жағдай жөніндегі мәлімдемелері.
Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдеррахман Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ басшысы қақтығысты аяқтау бағытында оң өзгерістер бар екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Трамп қазіргі уақытта Тегеранға қарсы әскери күш қолдану қажеттілігі байқалмайтынын, алайда Таяу Шығыстағы жағдай өзгерсе, АҚШ мұндай сценарийге дайын екенін айтты.
Сонымен қатар АҚШ президенті Вашингтон ұзақ мерзімді шешімге қол жеткізуге және Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеуге ниетті екенін атап өтті.
Қазақстанның экспорттық мұнай маркасы – CPC Blend те арзандап жатыр. 9 қарашадағы жағдай бойынша оның бағасы барреліне 116,01 долларды құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,98 пайызға төмен.
