Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты
Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында өнер жұлдыздарының жұбайлары туралы ерекше тілек айтты. Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатов пен Айман Талғатқызы туралы пікір жазып жатты.
Фото: видео скриншот
Қазақстанның Халық әртісі, танымал әнші Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында ерекше тілек білдірді. Ол өнердегі жігіттердің аяулы жары туралы сөз қозғады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Жігіттер, сіздерге айтарым бар. Мейрамбек сияқты барлық өнер жұлдызы отыр. Сіздердің осылай еркелеп, халықтың алдында жұлдыз болып жүргендеріңіздің артында жұбайларыңыз тұр. Сіздер алысқа кеткенде балаларыңызды күні-түні жалғыз бағып, үйге келгенде тамағын дайындап, айлап күтіп отыратын осы жан-жарларыңыз ғой. Қосағыңмен қоса ағар дейді. Мейрамбектің осындай жұлдыз болып жүргені осы жұбайының арқасы деп ойлаймын. Отбасылық бақыттың өмірде үлесі көп», деді ол.
Осы тұста желі қолданушылары көптеп пікір жазды. «Мейрамбек, саған айтам. Тұрсынбек, сен тыңда», «Мына тілекті тыңдағанда Тұрсынбек пен Айман не ойлады екен», «Тұрсынбекке тиіп кеткен шығар», «Легенда апамыз дұрыс айтты», «Роза апай әдейі айтты. Мөлдірмен бірнеше жобада бірге жүр. Тұрсынбектің бетіне басу үшін айтты», деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатов аталмыш мерейтойда екінші әйелі Айман Талғатқызымен бірге төбе көрсетті.
