Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Александр Жаровский: Канада визасы бар, МЧМ-2027-ге баруға дайынмын • Александра Ле Дохадағы әлем чемпионатының финалында жетінші орын алды • Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуын отбасылық мерекемен атап өтті • Төреғали Төреәлі көп әйел алу туралы әзілдеп пікір білдірді • Уимблдон чемпионы Рыбакинаның турнирден бас тартуы туралы пікір білдірді • Роза Рымбаева Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында жұбайларға арнап тілек айтты • Александр Жаровский: Канада визасы бар, МЧМ-2027-ге баруға дайынмын • Александра Ле Дохадағы әлем чемпионатының финалында жетінші орын алды • Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуын отбасылық мерекемен атап өтті •

    Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуын отбасылық мерекемен атап өтті

    Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуын отбасылық мерекемен атап өтті. Мерейтойлық кешке өнер және шоу-бизнес өкілдері, жақындары мен достары қатысып, әнші кенже қызын алғаш рет көпшілікке таныстырды.

    Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуын отбасылық мерекемен атап өтті

    Фото: видео скриншот

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Мейрамбек Беспаев 50 жасқа толуына орай отбасылық мерекесін кең көлемде атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әншінің мерейтойлық кешіне өнер және шоу-бизнес өкілдері, жақындары мен достары жиналып, мерейтой иесіне ақ тілектерін арнады.

    Мерекелік басқосуға Нұрлан Абдуллин, Гүлзира Айдарбекова, Марат Омар мен Нұржан Төлендиев сынды танымал тұлғалар қатысты. Қонақтар әншіні мерейтойымен құттықтап, қуанышты сәтті бірге бөлісті.

    Кеш барысында Мейрамбек Беспаев отбасына қатысты жағымды жаңалығымен де бөлісті. Атап айтқанда, әнші кенже қызын алғаш рет көпшілікке таныстырды. Бұл сәт мерекелік кештің ерекше оқиғаларының біріне айналды.

    Өнер иесінің 50 жылдық мерейтойынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің назарын аударды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →