Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады
Әлеуметтік желіде Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге жүрген видеосы тарап, қолданушылар қызу талқылауда.
Сурет: sn.kz
Әлеуметтік желіде актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев пен актер Олжас Абайдың экс-жары Аймира Аманның бірге жүрген видеосы пайда болды. Күтпеген кадр қолданушылардың қызу талқысына түсті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жарияланған видеодан екеуінің қатар жүргенін байқауға болады. Назар аудартқан тағы бір жайт – Дархан Мұсаевтың қолындағы гүл шоғы. Бұл көрініс көпшіліктің түрлі болжам жасап, әзіл аралас пікір қалдыруына себеп болды.
Бірі олардың болашақта шаңырақ көтеруі мүмкін екенін болжаса, енді бірі жағдайды үнді фильмдеріндегі оқиғаларға ұқсатқан.
«Енді осы екеуі үйленіп кетсе, қызық болады», «Үнді киносынан кем емес», «Күтпеген жұп болайын деп тұр ма?», «Бір сиырға бір қашар ауыстырып алды», «Мынау паталок болды енді. Әңгімелері жарасатын болып тұр ғой», «Кино болып жатыр, кино» деген пікірлер жазылған.
Әзірге Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның арасындағы қарым-қатынасқа қатысты ресми ақпарат жоқ. Дегенмен олардың бірге түскен видеосы желіде қызу талқыланып жатыр.
