Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты
«Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев «Жетінші арнаға» берген сұхбатында Нұрланмен амандаспайтынын айтты. Өнер иелерінің арасындағы сызаттың себебі әзірге белгісіз.
Сурет: sn.kz
«Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев «Жетінші арнаға» берген сұхбатында Нұрланмен мүлде араласпай кеткенін мәлімдеді. Өнер иесінің ренжігені соншалық, ол амандаспайтынын да жасырмады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Мен амандаспаймын. 2-3 тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы аман болсыншы», – деді ол.
Өнер иелерінің арасына сызат түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. «Мұқасан тәкаппар адам екені сөзінен бұрын түрінде тұр», «Адам жауымен де амандасады», «Еркектің әңгімесі ме енді осы», «Сенсіз де Нұрланның таңы атады, бірақ амандасуға созған қолды алу керек, кісілігің кімге керек», «Мынаның есі дұрыс па», «Өр көкірек, тәкаппар адам амандаспайды», «Нұрлан бірінші болып қол беруі оның жақсы адам екенін көрсетеді. Жетісіпсің алмасаң», – деп жазды оқырмандар.
