Тоқаев Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Ақорда хабарлады.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мемлекет басшысы айтулы күннің Әзербайжанның мемлекеттілік тарихында ерекше мәнге ие екенін атап өтті. Сонымен қатар ол бұл күннің өңір елдерінің мүддесіне сай Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудағы маңызына тоқталды.
Президент қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының деңгейіне жоғары баға берді. Ол екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
