Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Роналду Қазақстанға қарсы үш матч өткізіп, екі гол соққан • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады • Астанада мас ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғаған қызға шабуыл жасады • Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды • Павлодарда 12 жылға сотталған 20 жастағы жігіт түрмеде өлі табылды • Роналду Қазақстанға қарсы үш матч өткізіп, екі гол соққан • Ерлан Қарин әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты • «Біреудің әйелін тартып алудан сақтасын»: Олжас Абай мәлімдеме жасады • Астанада мас ер адам зейнеткерді ұрып, оны қорғаған қызға шабуыл жасады •

    Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды

    Атырауда 13 жастағы оқушы қызға 5 рет пышақ сұққан жасөспірім 15 жылға сотталды

    Фото: Видеодан скрин

    Атырауда мектеп ішінде 13 жастағы қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

    Сот үкімін судья Зарема Хамидуллина жариялады. Іс алқабилердің қатысуымен қаралып, жасөспірім кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Оқиға 2026 жылғы 13 наурызда Атыраудағы Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM мектебінде болған. Сот материалдарына сәйкес, жасөспірім қылмысқа бірнеше күн бойы дайындалғаны белгілі болды. Оқиға болған күні ол соңғы сабақтан сұранып шығып, үйіне барған. Сол жерде сөмкесіне пышақ, балға және басқа да заттарды салып, мектепке қайта оралған. Сағат 16:56 шамасында жасөспірім күзетшіге көзілдірігін ұмытып кеткенін айтып, мектепке кірген. Күзетші оның сөмкесін тексермеген.

    Мектеп дәлізінде ол бір топ оқушыны көріп, олардың арасындағы қыздардың бірін қуып жеткен. Содан кейін оның арқасы мен мойын тұсына бес рет пышақ сұққан. Тергеу барысында шабуыл жасаған жасөспірім мен зардап шеккен қыздың бұрын бір-бірін танымағаны анықталды. Олардың арасында ешқандай жанжал да болмаған екен.

    Ауыр жарақат алған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейін жағдайы жақсарып, хирургия бөліміне ауыстырылды.

    Жасөспірімнің дәптеріндегі жазбалар сотта дәлел ретінде қаралды

    Сотта жасөспірімнің дәптеріндегі жазбалар мен мектептің бейнебақылау камераларындағы жазбалар негізгі дәлелдердің бір ретінде қаралды.

    Оның дәптерінен өз ата-анасын өлтіру туралы ойлары жазылған жазбалар да табылған. Сондай-ақ жасөспірімнің терроризмге, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қатысты тыйым салынған материалдарға қызығушылық танытқаны да анықталған.

    Бұған дейін ол сыныптастары тарапынан қорлық көретінін айтып, мектеп психологына жүгінген екен. Алайда басқа оқушылардың оны ұрып-соққаны не оған күш көрсеткені расталмаған еді. Сот барысында жасөспірім дәптердегі кейбір жазбалардың өзіне тиесілі емес екенін айтты. Ал қызға шабуыл жасауын сол сәтте не істеп жатқанын түсінбей қалғанымен түсіндірген. Дегенмен сот-психиатриялық сараптамасы оның өз әрекетіне жауап бере алатынын анықтады.

    Сот шешіміне сәйкес, жасөспірімге 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →