Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 19-орын алды • «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты • Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 19-орын алды • «Тығырыққа тірелдім»: Айгүл Иманбаева өзіне жасалған сиқыр туралы айтты • Қазақстандықтар азаматтықтан бас тартуды азайтты: 2019 жылы 1700, 2026 жылы 43 өтініш • Тоқаевтың сынынан кейін Бас прокуратура «ҚазАвтоЖолға» тексеріс жүргізуде • «Қызы жетім қалды»: Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірді • Назым Қызайбай Қазақстан чемпионатының финалында күтпеген жеңіліс тапты •

    Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 19-орын алды

    Қазақстандық ауыр атлетші Аянат Жұмағали Нинбодағы әлем чемпионатында қоссайыс қорытындысында 227 кг жинап, 19-орын алды. Чемпион атанған Ян Цюся 265 кг көтерді.

    Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 19-орын алды

    Сурет: inbusiness.kz

    Қазақстандық спортшы Аянат Жұмағали Нинбода өткен әлем чемпионатында екі жаттығу қорытындысы бойынша 19-орынға тұрақтады. Жұлқи көтеруде ол 101 килограммды бағындырса, серпе көтеруде 126 килограммды тіркеді. Қоссайыс қорытындысында оның жиынтығы 227 килограмм болды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әлем чемпионы атағын 265 (120+145) келі нәтиже көрсеткен қытайлық Ян Цюся жеңіп алды. Күміс медаль оның отандасы Пэн Цуйтинге (262 кг) бұйырса, үздік үштікті Мысырдан келген Сара Ахмед (258 кг) түйіндеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Аянат Жұмағали Жапонияда өткен 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын. Сол кезде қазақстандық ауыр атлетші қоссайыс қорытындысында 246 (109+137) килограмм жинаған еді.

    Еске салайық, Нинбодағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бір медальді иеленіп үлгерді. Нұрғиса Әділетұлы 95 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысында 399 (182+217) килограмм нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →