Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының барлық финалдық жұптары белгілі болды
Таразда бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жұптары белгілі болды: он салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін кімдер жұдырықтасады.
Сурет: sports.kz
Таразда өтіп жатқан бокстан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық жұптары толық анықталды. Ұлттық біріншіліктің финалында барлық он салмақ дәрежесіндегі қатысушылар белгілі болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Алтын медаль үшін мына боксшылар жұдырықтасады:
50 кг дейін: Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы) — Диас Берікбай (Жетісу облысы).
55 кг дейін: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Бексұлтан Хужанжар (Шымкент).
60 кг дейін: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Әділбек Қожахан (Жетісу облысы).
65 кг дейін: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) — Абзал Серік (Шымкент).
70 кг дейін: Фарух Тоқтасынов (Алматы) — Елнұр Сүйінбай (Жамбыл облысы).
75 кг дейін: Аман Қонысбеков (Түркістан облысы) — Нұрбек Мұрсал (Алматы).
80 кг дейін: Санжар-Әли Бегалиев (Шымкент) — Өнер Сейлхан (Батыс Қазақстан облысы).
85 кг дейін: Темірлан Мұқатаев (Астана) — Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы).
90 кг дейін: Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) — Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы).
90 кг жоғары: Данияр Рахимбердинов (Алматы) — Ерсұлтан Сапар (Алматы).
Ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 30 қазаннан 6 қарашаға дейін Таразда өтеді. Жарысқа елдің 20 өңірінен 369 спортшы қатысуда. Финалдық жекпе-жектер 6 қарашада өтеді.
