Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды •

    «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті

    «Қазақ аруы 2026» байқауы өтті. Аша Матай жеңімпаз Асылым Өтепбергенді құттықтап, байқауды жүргізу мәнері үшін желіде сынға ілікті.

    «Қазақ аруы 2026»: Аша Матай жеңімпазды құттықтап, байқауды жүргізу мәнері сынға ілікті

    Фото: Instagram/asha_matai

    Қазақстанда продюсер Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен «Қазақ аруы» байқауы өтті. Аша Матай байқауды жүргізу тәжірибесі туралы әлеуметтік желіде пост жазып, ел назарына ілікті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Асылым Өтепберген — „Қазақ аруы 2026“. Халқымыздың жүрегінен орын алып, ел таңдаған ару атануыңмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жеңіс — сұлулығыңның ғана емес, ақылың мен парасатыңның, қазақ қызына тән ибалығың мен көркем болмысыңның жемісі! Тәжің құтты, мерейің үстем болсын! Қазақ қызының абыройын асқақтатып, әрдайым биіктен көріне бер! Ел таңдаған ару — ел мақтанышы!» — деп жазды ол.

    Биыл Баян Алагөзова бастаған «BM Production» командасы бұл жобаны қазақ киносының аңызы Меруерт Өтекешоваға және ұлттық кино өнеріміздің жауһары «Қыз Жібек» фильміне арнады.

    «Қазақтың ұлттық сұлулығын, тарихын, өнері мен мәдениетін осындай керемет үйлесіммен дәріптеу — ерекше құрметке лайық! Көздің жауын алған, жүрекке жылу сыйлаған ғажайып кеш болды! Баян Алагөзова мен BM Production командасына мың алғыс! Керемет әсер, тамаша туынды! Браво!» — деп жазды ол.

    Алайда көпшілікке оның байқауды жүргізу мәнері ұнамай, желіде әншіні қатаң сынға алған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →