77 мың медицина қызметкеріне жаңа қолдау: жылына 137 млрд теңге қажет
Қазақстанда 77 мың медицина қызметкеріне жаңа қолдау тетігі енгізіледі. Оны жүзеге асыруға жылына 137 млрд теңге қажет — Денсаулық сақтау министрі.
Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарда еңбек ететін 77 мың медицина қызметкеріне арналған жаңа қолдау тетігі енгізілмек. Оны іске асыру үшін жыл сайын орта есеппен 137 млрд теңге қажет болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Министрдің сөзінше, жаңа норма меншік нысанына қарамастан, алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесінде жұмыс істейтін барлық медицина қызметкерлерін қамтиды.
Аталған тетікке қажетті қаржы көлемін Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері бірлесіп есептеген.
Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлерін қолдау бағытындағы шаралар 2020 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асып келе жатқанын атап өтті.
