3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады
3 қарашада Қазақстанның бірнеше облысында тұман, көктайғақ, үсік және қатты жел күтіледі. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Сурет: istockphoto
3 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, үсік және қатты жел күтіледі. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Атырау облысы мен Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел Алакөл көлдері ауданында 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыс бойынша 2-7 градус үсік жүреді. Өңірде жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында түнде 3-5 градус үсік болады, қалада жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі бар.
Астанада түнде және таңертең тұман болады.
Ұлытау облысының батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Таулы аудандарда кей уақытта қалың қар түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы мен Қонаев қалаларында да жоғары өрт қаупі бар. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Абай облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында 1-6 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Павлодар қаласында да тұман болады.
Ақтөбе облысының шығысында тұман болады. Облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында да жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Астана мен Көкшетау қалаларында да түнде және таңертең тұман болады.
