Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СҚО-да 17 жастағы жасөспірім қыз көз жұмды

    СҚО-да 17 жастағы жасөспірім қыз көз жұмды

    Фото: Ашық дереккөз

    Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы қыз қайтыс болды. Қайғылы оқиға Тайынша ауданына қарасты Петровка ауылында болған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оқиға 1 қараша күні кешкі уақытта жеке тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Сағат 17:30 шамасында мекенжайға жедел жәрдем шақырылған. Алайда медицина қызметкерлері келген кезде жасөспірімнің көз жұмғаны анықталды.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қыз өзіне қол жұмсаған. Осы фактіге байланысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

    Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде қайғылы жағдайға әкелген себептер анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →